15.12.2024, 9:30
Оқылды: 228

Переметный ауылында Желтоқсан құрбандарын еске алды

Переметный ауылында «Желтоқсан оқиғасы – Тәуелсіздік айғағы» деген атаумен Желтоқсан құрбандарын еске алу кеші өтті.

IMG-20241214-WA0022

Іс-шара басында 1986 жылы қаза болған жазықсыз жастарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялады.

IMG-20241214-WA0021
Кешті ашқан Бәйтерек аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәлік Өтешов осыдан 38 жыл бұрын Алматының бас алаңына жиналған жастардың мақсаты тәуелсіздікке қол жеткізу болғанын атап өтті. Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылса, оның 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып, оқудан 309 студент шығарылған. 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілді. «Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды,- деді Мәлік Сейсенбайұлы.- Ол – дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Біздің ең киелі, қасиетті, баға жетпес байлығымыз – Тәуелсіздік. Өз өмірлерін құрбан етіп, болашағымызды жарқын еткендері үшін оларға қарыздармыз».

IMG-20241214-WA0018
Кеш барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Желтоқсан әндерін шырқады.

IMG-20241214-WA0023

Сәнім Берік
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале