29.09.2022, 17:00
Оқылды: 0

Президент сайлауына дайындық пысықталды

Аудандық мәслихаттың мәжіліс залында Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері мен сайлау өткізуге тікелей қатысы бар мекемелер өкілдері қатысты.


Сайлау дай-қ (1)

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжан Жүсіпқалидың төрағалығымен өткен отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастырып, өткізуге байланысты мәселелер қаралып, талқыланды.

Сайлау дай-қ (2)

Отырысқа  қатысушыларға  аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 қыркүйектегі №7 қаулысымен бекітілген 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың  күнтізбелік  жоспары таныстырылды. Сайлау өткізуге қатысты әрбір құзырлы органдардың атқаратын қызметтері пысықталды.

Сонымен қатар, сайлау өткізудегі басты мәселенің бірі сайлаушылар тізімін нақтылау мәселесі талқыланып, тиісті тапсырмалар жүктелді.

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале