28.12.2023, 22:00
Оқылды: 27

Президенттен сыйлық алды

Әдемі Галимова М.Мәметова атындағы мектептің жетінші сыныбында оқиды. Жаңа жыл қарсаңында Президентке хат жазып,​ сыйлыққа телефон сұраған екен. Көп кешікпей ел Президентінен жағымды жаңалық жетіп, Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов Әдемінің үйіне арнайы барып, телефонды табыс етті.

IMG-20231228-WA0074

- Жаңа жыл ғажайыпқа толы мереке ғой. Осындай керемет күн қарсаңында Әдеміге Президент​ телефон сыйлап, қуантып жатыр. Биік белестерді бағындырып, жетістіктерге жете беруіңе тілекшіміз. Армандарың орындала берсін, - деп лебізін жеткізді аудан басшысы.

IMG-20231228-WA0079

Әдемі болашақта дәрігер атанғысы келеді. Қазірден медицина саласына қызығушылық танытып, түрлі танымдық ақпараттарды жібермей оқиды.

- Президент хатыма жауап береді деп ойлаған жоқпын. Бірақ Жаңа жыл қарсаңында армандар орындалады дейді ғой. Ел басқарып отырған адамнан сыйлық алғаныма қуанып қалдым,- дейді Әдемі.

IMG-20231228-WA0077

М.Мәметова атындағы мектептің директоры Асылхан Аманғалиев, Сайқын ауылының әкімі Шыңғыс Абдоллин де құттықтап, тәтті сыйларын ұсынды.

Арайлым Есмағұлова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале