БҚО-да «жұмысқа тұрғызамын» деп ақша алған алаяқ ұсталды
26 Қыркүйек 2023

БҚО-да «жұмысқа тұрғызамын» деп ақша алған алаяқ ұсталды

БҚО-да заңсыз ауланған 16 қап шаян тәркіленді
26 Қыркүйек 2023

БҚО-да заңсыз ауланған 16 қап шаян тәркіленді

Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
26 Қыркүйек 2023

Нұрлыхан Шархан Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Мемлекетке 108 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталған
26 Қыркүйек 2023

Мемлекетке 108 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталған

«Дронмен де барлауға болады»
26 Қыркүйек 2023

«Дронмен де барлауға болады»

Арзан несие, қауіпті құрылыс, тариф өсіру...
26 Қыркүйек 2023

Арзан несие, қауіпті құрылыс, тариф өсіру...

«Рәміздерім – қадірлім»

Теректі ауданы орталығының «Ту тұғыры» алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім – қадірлім» атты мерекелік іс-шара өтті. 

image-04-06-23-02-41-14

Жиынға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова мен орынбасарлары, аудандық мәслихаттың төрағасы Әлжан Нұрғалиев, «AMANAT» партиясы Теректі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мирхат Ибраев және барлық бөлімдердің ұжымдары қатысып, еліміздің тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі саналатын рәміздерге құрмет көрсетті.

IMG_3131

Халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер – рәміздер ұлықталған күнде аудан басшысы Әлия Биғазықызы: 

- Ұлтымыз үшін қасиетті мерекелердің бірі – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Тәуелсіз еліміздің біртұтастығы мен егемендігінің ажырамас атрибутына айналған Мемлекеттік рәміздер – мызғымас бірлік пен қайтпас рухтың баламасы. Бүгінде тәу етер тәуелсіздігіміздің арқасында әлемдік аренада саяси-экономикалық тұрғыдан айтары бар, әлем мойындайтын мемлекетке айналдық. Сан жылдар армандап, егемендігіне қол жеткізе алмаған елдер қаншама?! Өскелең ұрпақ мемлекеттік тілде сөйлеп, егемен елінің көк туының астында еркін жүргеннен артық бақыт жоғын сезініп өсуі тиіс. Қасиетті рәміздерді мақтан тұтуға баулу - біздің азаматтық борышымыз. Бүгінгі қастерлі мерекеде баршаңыздың жанұяңызға бақыт пен береке, дендеріңізге саулық тілеймін. Көк туымыз желбіреп, рухымыз асқақтай берсін! – деп жерлестерін мерекемен құттықтады.

image-04-06-23-02-41-11

Одан кейін Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының актрисасы, Теректі ауданының құрметті азаматы Эльмира Мақашева сөз сөйлеп, теректіліктерге жылы лебізін арнады. 

Аудандық мәдени-демалыс орталығының күміс көмей әншілері әсем әндерді шырқап, үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі тамылжыта би билеп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

image-04-06-23-02-41-4

Салтанатты басқосу велошерумен жалғасын тапты. Көк туымызды желбіреткен шеру кеудемізде мақтаныш сезімін орнатты. 

image-04-06-23-02-41-2

Аягөз Айтқалиева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале