4.06.2022, 10:59
Оқылды: 51

Рәміздерім - мақтанышым!

Жаңақала ауданында ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне 30 жыл толуына орай «Менің Қазақстаным» атты салтанатты шара өтті. Ауыл шетінде орналасқан жаңа саябақта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтеріліп, әнұран орындалды. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі рәміздерге арналған кітапхана көрмесін ұйымдастырды.

1992 жылдың 4 маусымында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы заңға қол қойды. Заң күшіне енген бойда мемлекеттік Елтаңба, Ту, Әнұранның жобасын дайындау туралы байқау жарияланып, Тәуелсіз Қазақстанның рәміздері жылы бекітілді. Тура екі күннен соң 6 маусымда Алматы қаласындағы Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында мемлекеттік рәміздерді ресми таныстыру өткен болатын. 2006 жылы жаңа гимн қабылданды.

жаңа1

Аудан әкімі Д.Закарин мерейлі мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. Шара барысында А.Сейтова, Ж.Мұсағалиев, Қ.Айдарбеков, А.Марат «Туған ел», Қ.Айдарбеков «Көк тудың желбірегені» әндерін тарту етсе, Б.Өтешқалиев, Р.Төлегенов, Н.Хамзин көркемсөз оқыды.

жаңа2

Бәріміздің жүрегіміз Отан деп соғады. Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Елтаңбамыз қашанда еңселі болсын!

А.Айденова,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале