28.10.2021, 14:40
Оқылды: 69

Раздольныйда қайырымды жандар көп

Қазан - қайырымдылық айы. Елімізді тұтас қамтыған игілік айының бастамаларынан Бәйтерек ауданы да қалыс қалмауда. Қайырымдылық айына байланысты өткізілген акциялар қарттарға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған.

21

Аталмыш айлыққа орай Бәйтерек ауданына қарасты Раздольный ауылдық округінің әкімдігі мен белсенді жастары және кәсіпкерлері  ауыл ақсақалдары мен кейуаналарына құрмет көрсету шараларын өткізуде.

Қайырымдылық акциялары барысында, ауылдық клуб меңгерушісі А.Өмірбекова және қызметкерлері Г. Дьяконов пен Е. Капустина  «Солнышко» шағын орталығының балаларына шағын концерт ұсынса, «Достық» Ш/Қ-ның басшысы В. Шевчук демеушілік көрсетіп,  ауыл үлкендері мен еңбек ардагерлеріне шай дастарханы ұйымдастырылды.

22

Емен жарық кездесу барысында округ әкімі Ж. Жиенғалиев тыл еңбеккерлеріне алғыс хаттар табыстап, шараға арнайы келген, аудандық мәслихаттың депутаты А.Герасимов еңбек ардагерлеріне  жылы лебізін жеткізді.

Одан бөлек ауылдың жайсаң азаматтары да мұқтаж жандарға қолұшын созып, қайырымдылықтан шет қалмады. Азық-түлік жинақтарын сатып алған «Владимирское» шаруа қожалығы мен «Қазбеков Қ.Қ» жеке кәсіпкерлігі көпбалалы отбасының балаларына жәрдемдесті.

Жақсылық жасаудан мектеп оқушылары да шетте қалмады. Олар оқытушы Л. Григоренкомен бірге жалғызбасты зейнеткерлердің аулалары мен іргелес аумақтарынан қоқыстар шығарып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Округ әкім Ж. Жиенғалиев қайырымдылық шаралары тек бір ай көлемінде ғана емес, жыл бойы жалғаса беретінін айтады.

Назерке Сыйлыбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале