25.01.2023, 14:45
Оқылды: 31

Ресейлік қандасымыз ауданда

Жуырда Көршілес Ресей Федерациясы Волгоград облысының тумасы, қазіргі уақытта Москва қаласында медицина саласында қызмет атқарып жүрген, футболдан дәрігерлер арасында әлем чемпионы Ринат Сәрсенов ауданымызға арнайы келіп, Жәнібек спорт клубында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің футбол үйірмесінің оқушыларымен кездесті. 

IMG-20230125-WA0018

Ол оқушылардың жаттығуларын көзбен көріп тамашалады. Сонымен қатар таяуда Волгоград қаласында жасөспірімдер арасында шағын футболдан «Новые имена» турнирі өткен болатын. Аталмыш турнирде аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бас жүлдеге ие болды. Р.Сәрсенов ауданның жас спортшыларының ойындарына ресейліктер дән риза екендігін жеткізді.

IMG-20230125-WA0019(1) (1)

Кездесуде аудандық футбол Федерациясының төрағасы Жандос Уәлиев пен футболдың тұрақты демеушісі Мирболат Ситкереев жас спортшыларға ақжарма тілектерін білдірді. Сондай-ақ шара барысында алдағы уақытта көршілес аймақтармен бірігіп, футзалды дамыту бойынша жоспарлар құрылып, өзара пікір алмасылды.

Бота Танабай,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале