9.06.2020, 18:51
Оқылды: 382

Рубежинде шағын трактор құрастырған өнертапқыш тұрады

Бәйтерек ауданы Рубежка ауылының тұрғыны Павел Крупицаны көпшілік ауылдық клуб меңгерушісі деп біледі. Жиырма жылдан астам уақыт мәдениет ошағының отымен кіріп, күлімен шығып жүрген азаматты сонау тоқырау жылдары клубты бұздыртпай алып қалғаны үшін де ел құрметтейді. Шаруаға мығым, ісіне адал жанның тағы бір қыры қалдықтан қалағанын жасайтын – өнертапқыштығы.

smart

– Жастайымнан екі нәрсеге үйір болдым біріншісі өнер, екіншісі техника. Бала күнімде велосипедіме рөл қондырып, достарым оған қызыға қарайтындай ерекше етіп жасап алатынмын. Өсе келе жұмысым өнер саласына ауысқанымен техникадан қол үзген күнім болмады. Қалай да хоббиіме уақыт табатынмын, – дейді Павел Растиславович.

smart

 

Шебердің айтуынша, ол осы күнге дейін бірнеше шағын трактор құрастырған. Кейбіреуін сатқан, басқаларын достарына сыйлаған. Техниканың тілін білетін ке-келген адам қажетті бөлшектерді тапса, жүріп тұратын көлік жасай алатынын айтады ол. Қазір пайдаланып жүрген шағын тракторының шассиі қолда бар бөлшектерден жасалған, моторы көпшілікке таныс ЗИД, қозғалтқышы мен артқы осьі (задний мост) ГАЗ-51 самосвалынан, алдынғы осі мен рөл балкасы СК-4 комбайнынан алғынған болса, рөл бағаны жоғарыда аты аталған жүк көлігінікі. Кабина жақтаулары швелер мен бұрышты темірлерден құрастырылған. Павел Ратиславович сөзінше, осы күні трактор құрастырамын деген жан ауылдан қажетті бөлшекті таба алмайды екен. Өзі де қажетті темір іздеп, көлік базарлары мен метал қабылдайтын орындарды көп аралаған. Шебер трактор құрастыруға кеткен уақыттың көп бөлігін бөлшек іздеуге жұмсапты. Бірер күнде жан-жағы ашық көлігінің кабинасын жөнге келтіріп, есік-терезе мен капот қондырмақ. Оған қажеттінің барлығын тауып қойған.

smart

smart

-Қазір пайдаланып жүрген тракторымды бұрнағы жылы жасап шығардым. Екі жылдан бері бір бұзылып көрген жоқ. Ауылда тұрған соң, ағаш тасып, шөп шабуыңа қажетті техникаң болғаны жақсы ғой. Сол себепті тракторыма шөп шабуға арналған орақ, оны жинайтын тырма мен екі тоннаға дейін жүк көтеруге қауқарлы арба жасадым, – дейді Паша ағай.

smart

Қолдан құрастырылған шағын трактор қыста ауланың қарын тазалап, тар қорадан мал көңін шығарған кезде таптырмас көмекші. Тіпті, оталмай қалған көрші-көлемнің көліктерін сүйреуге де жарайды.

Өнертапқыш осы күні тракторына тіркемелі жер қопсытқыш пен соқа жасауды да ойластырып жүр. Бірақ қажетті темір-терсек таптырар емес.

Түгелбай Бисен,

 zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале