13.12.2021, 10:00
Оқылды: 74

Рубежкалықтар жеңімпаз

Бәйтерек ауданы Рубежка ауылдық округі әкімшілігінің ұйытқы болуымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай шағын футболдан ауыларалық жарыс өтті. Ұлы мерекеге арналған бәсекеге Достық, Дариян, Трекин, Рубежка ауылдарынан келген аяқдоп шеберлері қатысты.

7

Жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану, футбол ойынына деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында  өткен шағын футбол турнирі қызыққа толы болды.

-Спорт- жастарды біріктіруші күш. Сіздер қашанда уақыттарыңызды тиімді пайдалану үшін, әрі жетістіктерге жету үшін аянбай тер төгесіздер.Осындай сайыстардың жиі өтуі жастарды жігерлендіре түсетіні анық. Аудан футболшыларының жеңісті жолын жалғап, үлкен белестерді бағындыруларыңызға тілекшімін,-деді жарыс ашылу салтанатында сөз алған Рубежка ауылдық округінің әкімі Асылбек Кекжин.

9

Жарыс қорытындысында Достық ауылының командасы үшінші, дарияндықтар екінші орын иеленсе, алаң иелері Рубежка ауылының жігіттері сайыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ Владимир Кудрявцев «Үздік қақпашы»,  Мәрлен Кәкімжанов «Үздік қорғаушы», Альтаир Қабдығалиев «Үздік шабуылшы», Сұлтан Шуриев «Турнирдің үздік ойыншысы» аталымдарын ие болды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале