17.01.2023, 13:00
Оқылды: 37

Рухани келісім - бірлік пен тұрақтылық кепілі

Теректі аудандық Достық үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауын тұрғындарға түсіндіру мақсатында жиын өтті.

FB_IMG_1673932129391

Басқосуға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы "Қоғамдық келісім" мекемесінің басшысы Медхат Қамбетов, БҚО ҚХА төрағасының орынбасары, "Вайнах" шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Данильбек Саратов, облыстық аналар кеңесінің төрайымы Шалқыма Құрманалина қатысып, теректіліктерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

FB_IMG_1673932132176

Кездесу барысында ұлтаралық бірлік пен тұрақтылықты насихаттау, халық арасында саяси, діни ақпараттарды дұрыс тарату, ұрпақ тәрбиесі жөнінде айтылды.

Жиынға қатысушылар арасынан сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Білікбай Қазиқанов пен ауданның құрметті азаматы Мұсағали Төлегенов тіл мәселесі туралы ой қозғады. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Аягөз Айтқалиева отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында республикалық «Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» жобасы аясында атқарылған іс-шараларды баяндады.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале