11.11.2021, 9:35
Оқылды: 89

Рухы мықты жандар

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен халықаралық зағиптар күніне орай Дариян ауылында «Рухы мықты жандар» атты кеш оздырылды.

30

Шараның шымылдығын ашқан, ҚСҚ қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы, Мұрат Қадырбеков ауыл тұрғындарын тұғырлы тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, кеш қонақтарына ақ жарма тілегін жеткізді.

32

Сонымен қатар округ әкімі Тілек Кәкенов те қонақтарға қош келдің айтып, концерт ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.
Кеш барысында өнерпаздар әр жанрдағы әннен шашу шашып көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе әнді әуелете шырқаған жастардың өнері тыңдармандарды баурап алды.

31

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар, концертті өткізуге қолдау көрсетіп, демеу болған Дариян ауылдық округі әкімдігіне, ауылдағы мекеме ұжымдарға және кітапхана қызметкерлері мен ауыл тұрғындарына үлкен алғыстарын жеткізді.
Батыс Қазақстан облысы қазақ соқырлар қоғамының ұйытқы болуымен ұсынылған концерттік бағдарламамен өңірдің бірнеше ауданын аралауды жоспарлап отыр.

Назерке Сыйлыбаева, 
Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале