17.05.2023, 21:57
Оқылды: 26

Сәбинаның алтыны

Мамырдың 13-14-і күндері Ресейдің Орынбор қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуразия-2023 кубогы өткен болатын. Байрақты бәсекеде Еуразияның әр түкпірінен жүздеген дзюдошы бақ сынады. 

IMG_20230517_215623

Ел намысын қорғағандар ішінде Бәйтерек ауданы БЖСМ-нің спортшысы Сәбина Құлымбетова 70 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтын жүлдеге ие болды. 

Айта кетейік, Сәбина Дариян ауылында туып-өскен. Қазір Орал қаласындағы мамандандырылған спорт интернатында оқып жатыр. Спортпен бірнеше жылдан бері айналысып келе жатқан ол - дзюдо мен самбо күресінен спорт шеберіне үміткер. 

Нұрсәуле Әбілпейсова,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале