14.02.2023, 18:00
Оқылды: 22

Сайқында жаңа әкім

Бүгін Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумов Сайқын ауылдық округінің әкімін тағайындап, округ әкімшілігінің ұжымымен кездесті.

InShot_20230214_174026983

Сайқын ауылдық округінің әкімі болып Шыңғыс Абдоллин тағайындалды.

Шыңғыс Тұрарбекұлы өткен жексенбіде өткен сайлауда топ жарған еді.

Нақтырақ айтсақ, сайлауға қатысқан 2 193 дауыс берушінің 1624-і округ әкімі лауазымына Шыңғыс Абдоллинді лайық көрген екен.
Шыңғыс Абдоллин осы кезге дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.

Жалпы алғанда Шыңғыс Абдоллиннің еңбек өтілі 13 жылды құрайды. Оның 8 жылында мемлекеттік қызметте.

InShot_20230214_174041534
Аудан басшысы жаңа сайланған әкімге абыройлы қызмет тілесе, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Нұркен Сабиров қызметтік куәлік табыстады.
Шыңғыс Абдоллин де өз кезегінде сенім білдірген ауылдастарына, осы лауазымға ұсынған аудан әкіміне алғысын білдіріп, жауапты қызметке үлкен жауапкершілікпен қарап, сенім үдесінен шығуға тырысатынын айтты.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале