2.02.2023, 17:00
Оқылды: 41

Сайлау – еліміздің жарқын болашағы

Елімізде жыл сайын ақпан айының алғашқы бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күніне орай ерекше кездесулер мен жиындар өткізу дәстүрлі қалыптасқан. Бұл күн 2005 жылы Венгрияның Шиофок қаласында  өткен Дүниежүзілік сайлау конференциясының басты шешімі ретінде бекітілді. Осы орайда, бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне орай дөңгелек үстел өтті. Оған аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Еділ Елемесов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Амангелді Уәлиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мөлдір Әбдірешева мен аудан жастары қатысты.

25

Басқосуда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Руслан Нұралиев сайлау тұрғысынан өткенімізді саралап, бүгінімізді кемелдендіру мақсатындағы баяндамасымен бастады. Ал аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мөлдір Сайфоллақызы өз баяндамасында кәмелеттік жасқа толған жастарды сайлауға бей-жай қарамауға, ауыл мен аудан, облыс, республика көлеміндегі барлық сайлауға өз үндерін қосуға шақырды. Әрмен қарай дөңгелек үстелге қатысушы зиялы қауым өкілдері мен жалындаған жастар өз пікірлерін ортаға салды. Ұрпақ сабақтастығын негізге алып еркін түрде өрбіген жиын ұсыныстарға толы болды. Жиын барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұстахим Қабдысалиев: «Халықты сайлауға кеңінен шақыру жұмыстармен айналысуымыз керек.

26

Еліміздің болашағының жарқын болуы сіз бен біздің қолымызда» - деді. Шара соңында ауданымызда өткен сайлауларда аянбай қызмет етіп, өз үлестерін қосқан Асқар Құсайынов, Айгүл Мәжитова, Жәнібек Кенжеғалиев аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының алғыс хатымен марапатталды.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале