23.01.2024, 16:00
Оқылды: 36

Сайлау комиссияларының базасы нығаю керек

Бұл жөнінде бүгін Казталов ауданына жұмыссапарымен келген Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов айтты.

20240123063453_IMG_1430

Ауданға Әділ Тауфиқұлымен бірген облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері Райымбек Нүрекешов пен Фархад Хайретдинов бірге келді.

Алдымен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мүшелері отыратын офиске соғып, сайлау комиссиясының материалдық базасымен танысты.

20240123063021_IMG_1426

Бұдан кейін Әділ Тауфиқұлы Казталов ауданында жаңадан жасақталған аудандық аумақты сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесті.

20240123061744_IMG_1417

Кездесуде аудандағы сайлау комиссияларының материалдық базасы талқыланып, комиссия мүшелері өздерінің ұсыныстарын айтты.

— Біздің сапарға шыққан мақсатымыз — сайлау комиссияларының материалдық жағдайын білу және комиссиялардың жаңа құрамымен танысу. Әр ауданда жағдай әр түрлі. Алдағы уақытта сайлау комиссияларының базасын нығайтумыз керек, - деді Әділ Жоламанов.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале