20.11.2022, 8:07
Оқылды: 17

Сайлау учаскелері жұмысын бастады 

Бүгінгі еліміз үшін маңызды күн — Президент сайлауы өтетін күн. 
Сырым аудандық №290 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады. Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Берік Бисалиев сөз сөйлеп, мемлекеттік әұран ойналып, салтанатты түрде ашылды. Бірінші болып дауыс берген Жымпиты ауылының тұрғыны Гүлнар Шамарова Берік Бисалиев естелік сыйлық табыс етті.

IMG_20221120_070219
№290 сайлау учаскесінде 1585 сайлаушы бар. Үйден дауыс берушілер 20-дан астам. Есептен шығару куәлігін алғандар, яғни, сайлау күні басқа жаққа кеткендер — 10 тұрғын. Келген бюллетень саны — 1601. Жарты сағаттың ішінде қырықтан астам сайлаушы дауыс берді. Сайлау комиссиясымен бірге бақылаушылар да жұмысына кірісті.

IMG_20221120_070202

Айта кетейік, алғашқы болып дауыс берушілердің ішінде  Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, «Аманат» партиясының Сырым аудандық филиалының атқарушы төрағасы Талғат Дарғожиевтер бар.

IMG_20221120_072003

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале