20.11.2022, 16:51
Оқылды: 70

Сайлау учаскесінде "Қой көтеру" сайысы өтті

Ақсай қаласындағы №88 сайлау учаскесінде ұйымдастырылған "Қой көтеру" сайысында шаһардағы С.Арыстанов атындағы көшенің тұрғыны Сабыр Кардашов жеңімпаз атанды. Салмағы шамамен 50 келі болатын қойды Сабыр 71 рет көтерді.

26

Айтып өтейік, мұндай "Қой көтеру" жарыстары аудандағы бірнеше сайлау учаскесінде ұйымдастырылған. Демеушілер тарапынан алынып, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан сайыста кім көп көтерсе, қой соған бұйыратын болады.

Ептілігі мен білек күшіне сенген бөрлінің жігіттеріне сәттілік тілейміз.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале