4.05.2020, 9:29
Оқылды: 54

Сақшылардың сауапты ісі

Сауабы мол игі істер жасап, кең жүректі, жомарт жандар қатарынан табылу үшін кәсіп те, лауазым да, мамандыққа байланысты шен-шекпен де ешқандай рөл атқармайды екен. Біз оған елімізді қатерлі індет жайлап, қарапайым халықтың басына қиындық түскен кезде анық көз жеткіздік.

2ADF1E23-1921-4D2C-BB13-E0161B1210F1

Жақында Жалпақтал полиция бөлімінің жеке құрамы өзара бастама көтеріп, айлық табыстарынан жалғызбасты көпбалалы отбасыларға бірінші кезектегі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер алып берді. Жалпақтал ауылынан екі, Талдықұдық ауылынан әлеуметтік жағдайы төмен бір жанұя сақшылардың сәлем-сауқатына ие болып, оларға шынайы ризашылығын жеткізді.

Қасиетті Рамазан айындағы сауапты істерге жетелеген елдегі бірлілігіміз алда да арта берсін!

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале