14.05.2022, 16:59
Оқылды: 157

Салиқалы сұхбат болды

Жуырда аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы ғимаратында Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен «Салиқалы сұхбат сағаты» кездесуі ұйымдастырылды.

IMG-20220513-WA0311

Қадірлі қонақ ретінде ауданға танымал кәсіпкер Рамзан Камзаев шақырылған еді. Шараның мақсаты жастарға үлгі ретінде кәсіпкердің еңбек жолымен, кәсіп жолында кездескен қиындықтарды жеңе білу тәжірибесімен танысу болатын.

IMG-20220513-WA0315

Р.Камзаев өзінің өмір жолын, кәсіпті неден бастағанын, кәсіп жүргізу жолында қандай кедергілер кездескенін және оларды қалай еңсере алғанын әсерлі етіп баяндап берді.

IMG-20220513-WA0312

Сұхбат барысында жастар кәсіп бастау бағытында өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Теміржан Бақытжанұлы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале