16.09.2021, 21:04
Оқылды: 70

Самбодан чемпионат өтуде

Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында самбо күресінен 2005 және 2006 жылғы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты жалғасуда. Боз кілемдегі белдесулер басынан тартысты басталды. Татамиде өнер көрсеткен самбошы қыздар да, ұлдар да 10 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынауда.

IMG-20210916-WA0129 (1)

47 келі салмақта алдына жан салмай, қарсыластарын сан соқтырған қызылордалық Нұрай Бақыт жарыс жеңімпазы атанды. Нұрай бұл чемпионатқа тыңғылықты дайындалған. Төгілген тер, үздіксіз жаттығулардың арқасында самбошы ҚР чемпионы атанып, бапкерлерінің үмітін ақтады. Спортшы қыз шәкірт тәрбиелеп, болашақ чемпиондарды дайындасам деп армандайды.

IMG-20210916-WA0128

- Чемпионат жоғары деңгейде өтуде. Бұл жарысқа бір айдай үздіксіз дайындалдық. Бүгін жемісін көрдім. Бұл спортқа мені анам алып келген болатын. Анамның үмітін ақтадым деп ойлаймын, - дейді ел чемпионы. Жарысқа барлық спортшы тыңғылықты дайындалған.

IMG-20210916-WA0131

Боз кілемге шыққандар түрлі әдіске салып, тартысты белдесу көрсетті. Байрақты бәсекенің жастардың шеберлігін шыңдап, достық қатынасты нығайтуға ықпалы зор. Белдесулердің балғын споршыларға берері мол, - дейді ұймдастырушылар. Айта кетейік, жарыс 17 қыркүйек күні мәреге жетеді. Қорытындысында жеңімпаздар спорт шебері атағын алып, әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы жасақталады.

 

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале