8.05.2024, 16:41
Оқылды: 36

Сарбаз сәлемі

Сырымдық Саят Жайлыханов Шығыс Қазақстан облысында әскери борышын өтеп жүр. Саят Сырымұлының әскери қызметі өтіп жатқан Күршім ауданы Қытаймен шектеседі. Күршім ауданы бойынша шекара басқармасында әскери борышын өтеп жүрген сарбазбен бөлім командирі, майор Нұрбол Байбазаровтың телефоны арқылы хабарластық.

InShot_20240508_004430720

Саят кәсіби және техникалық дайындық бөлімінің атқыштар бөлімшесінде оқып-үйренуде. Үш ай осы жерде оқу-жаттығуда болып, кейін шекараға жіберіледі.

 – Елге, ата-анама, бауырларыма, достарыма дұғай-дұғай жалынды сәлемімді жолдаймын. 16-наурызда Орал қаласынан жол жүріп, 20-наурызда Күршімде болдық. Күршім ауданының табиғаты өте керемет. Қасымда біздің өңірден 11 сарбаз бар. 28-сәуірде ант қабылдадық. Жағдайым жақсы, үш мезгіл тамақпен қамтылған. Бүгін оқу-далалық жиынында атуды бастап үйрендік. Сержант, бөлім бастықтары бәрін бізге жіті үйретуде. Майор Нұрбол Байбазаров, аға сержант Құрмет Таубағалиев, Марат Кумалханов, Қуаныш Кішібаев, сержант Кенжебек Курумбаевтарға алғысым зор. Сырымдық інілерімді Күршім ауданында әскери борышын өтеуге шақырамын, - дейді Саят Жайлыханов.

Айта кетейік, Саят Сырымұлы 2003 жылы Қосарал ауылында дүниеге келді. Бүкіл ауылдың ұстазы болған әжесі Зинеп Бекқалиеваның мейіріміне бөленіп, тәлімін алған ұл. Сабаққа өте жақсы болды. Білім додаларында да үздік көрінді. Спортқа, суретке, әнге бейім. Ауылдың «Жігіт сұлтаны» байқауының жеңімпазы. Жылқыға, техникаға үйір. Орал қаласындағы гуманитарлық колледжінің спорт бөлімінде 4 жыл грантпен оқып, диплом алды. Жас маман Саят алты ай жұмыс жасап, өзінің қалауымен әскерге аттанды.

Саят Жайлыханов – отбасына, бауырларына өте қамқор, достарына адал, үлкенді құрмет тұтып, кішіге қамқор болып жүрген елдін ұлы. Аман бол, сарбаз. Елге аман оралуыңа тілекшіміз.

Шынар Молданиязова, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале