4.05.2022, 11:45
Оқылды: 38

«Сары бүркіт» жайдарманшылары олжалы оралды

Жылдың басында республикалық «JAIDARMAN» ойындарының маусымашарына қатысып, телевизиялық жобаға шақырту алған сырымдық «Сары бүркіт» командасы кешегі аптада Нұр-Сұлтан қаласына аттанған еді.

6

Елордаға қарап елеңдеген көңілімізді көкке көтерген хабар келді. Сырым ауданы Алғабас ауылының балаларынан құралған «Сары бүркіт» мектеп командалары арасындағы республикалық «JAIDARMAN» сайысында жүлделі ІІ орынға ие болды. Ауыл балаларының астана сахнасын бағындырып, 16 команданың арасынан үздік шығуы жолында олардың жетекшісі, М. Қаналиев атындағы Алғабас орта мектебінің мұғалімі Нұрболат Жұмағазиевтің жанкешті еңбегін айтпай кетуге болмайды.

- «Назар аудардан» кейін Батыстан тағы тамаша ұжым шығып келе жатыр! – деп жоғары беріпті белгілі тележүргізуші, қазылардың мүшесі Ләйла Сұлтанқызы «Сары бүркіттің» өнеріне.

Жайдарманшылардың сапарына ата-аналарынан бөлек, Алғабас ауылдық округінің әкімі Өркен Әменов пен Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берік Жанболсынов қолдау көрсеткен.

«Сары бүркіттің» І орын алуына да зор мүмкіндігі, мол дайындығы болған. Өкініштісі, киім үлгілерінің сахнаға сай келмеуі себепті, олар ІІ орынға ысырылған. Басқа командалар жылтырақтың бәрін тағып, жарқ-жұрқ етіп шыққанда, біздің балалар амалсыздан 4-5 жыл бұрынғы ескі костюммен өнер көрсетуге мәжбүр болған. Себебі, сахналық киім тіктірейін десе, жолақыға қаражат жоқ. Жолақы табылса, киім тігетін ақша жоқ.

Соған қарамастан, «Сары бүркіт» ұтып алған 200 мың теңге сыйақыларын қайырымдылыққа жұмсағалы отыр.

 

Б.Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале