27.07.2020, 11:36
Оқылды: 89

Сарықұдықтың түлектері ауылға тарту жасады

Казталов ауданы Сарықұдық ауылының 1983 жылы дүниеге келген перзенттері мектеп қабырғасынан түлеп ұшқандарына 20 жыл толу құрметіне орай туған ауылдарына үлкен сый жасады.

147D1777-7C3A-4A09-8EAE-70BD304DFAED

Он бір жыл бойы бір мектепте оқып,  үлкен өмірге жолдама алған түлектер өзара келісіп, Сарықұдық ауылына "Ауылым - Сарықұдық" атты композиция тұғырын орнатты.

Жобалық құны жеті жүз елу мың теңгеден асатын композицияның жұмысын уақытында аяқтаған құрдастардың игілікті бастамасы ауыл тұрғындарын бір қуантып тастады.

A0158497-A65C-4E46-B6C8-2414B4ECD25B

"Ауылым - Сарықұдық" композициясының ашылу салтанатында сөз алған ауыл әкімі Артур Берденов туған жерін түлетуге үлес қосқан түлектерге ауыл тұрғындары атынан ризашылығын жеткізіп, аудан әкімі Альберт Есалиевтің алғысхатын табыс етті.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале