2.07.2021, 10:10
Оқылды: 140

Саясат – «ТМД-ның үздік дарынды оқушысы»

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” тақырыбындағы мақаласы жарық көргені бәрімізге аян. Осы мақала аясында білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында кеңінен насихаттау мақсатында республикалық деңгейде «ТМД-ның үздік дарынды оқушысы – 2021» байқауы ұйымдастырылды. Осы байқауда Жаңақала ауданы орталығындағы №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің ағылшын тілі пәнінің жас маманы Ернат Ерболатұлының жетекшілігімен дарынды оқушы Саясат Жарасов бақ сынаған болатын.

8D360259-AA39-4DAB-9419-F92264E51F97

Байқау нәтижесінде Саясат Сәдуақасұлы I дәрежелі жүлдегер атанып, жұмыстары байқаудың арнайы материалдар жинағына енді. Сондай-ақ «ТМД-ның үздік дарынды оқушысы - 2021» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар мұғалім мен оқушының байқауға қатысуына ықпал етіп, қолдау көрсеткен №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің директоры Әлихан Досмұхамбетов байқау ұйымдастырушыларының алғысхатымен марапатталды. Дүбірлі додада оза шапқан Саясат Жарасовтың алар асуы, шығар шыңы биік болсын демекпіз!

Ақсәуле Сексенбайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале