6.01.2023, 18:58
Оқылды: 53

Сенат депутаттарымен кездесу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды 14 қаңтарға белгілеген болатын. Облыстан ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар Айболат Құрымбаев, Арман Өтеғұлов, Ақылбек Сұлтанов ауданымызға арнайы келіп, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті.

FB_IMG_1673011351110

Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев жүргізді. Жиында үміткерлер өмірбаяны мен бағдарламаларын таныстырды. Алдымен, ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына кандидат Айболат Шамұратұлының өкілі Асылхан Қармысов өмірбаянмен таныстырды. Ал, кандидат Арман Кәрімұлының өмірбаянын Гүлнұр Жамбаева баяндады. ҚР Парламенті депутаттығына кандидат Ақылбек Ұзақбайұлының өмірбаянын Қабделжамел Насипов таныстырып өтті. Әр үміткердің өмірбаяны таныстырылғаннан кейін, кандидаттар жиынға қатысушыларға  өз сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

IMG-20230106-WA0031

Кездесу соңында аудандық мәслихат хатшысы Қайрат Ермекбаев сәттілік тілеп, өздерінің бағдарламаларын баяндап, жоспарларымен бөліскені үшін аудан депутаттарының атынан алғыс білдірді.

 

Айдана Абдрахманова,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале