2.05.2024, 12:31
Оқылды: 7

Сенбілік - тазалық таразысы

"Аудан көлемінде санитарлық-экологиялық айлық ұйымдастыру және абаттандыру, көгалдандыру мен санитарлық тазалық жұмыстары туралы" аудан әкімдігінің қаулысына орай екі айлық сенбілік жарияланды. Айлық 13 сәуір-25 мамыр аралығында өткізіліп жатыр. Қаулыға сәйкес жұмыс тобы құрылып, айлық жоспары жасақталып, сенбіліктер өткізіліп жатыр.

ағаш егу (1)

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімімен мемлекеттік сатып алу бойынша 1400 түп қарағаш, 500 түп көк терек ағаш көшеттері алынды. Биылғы жылы 27 сәуір күні аудан бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өткізіліп, ауылдық округтер және мекеме қызметкерлері арасында тиісті жерлерге ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар бөлім тарапынан орталық алаңдарға егуге гүл сатып алынып, егілді.

ағаш егу (2)

Бүгінгі күнге дейін айлық барысында 3 сенбілік өткізілді. Қазіргі таңда аудан бойынша сенбілікке 986 адам қатысып, 16 техника тартылып, 41,3 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы полигонға шығарылды.

Аудан бойынша ауылдық округтерге санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін әр округке аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, мамыр-шілде-тамыз айларына жоспарланып отыр.

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жердің тазалығы мен көркеюі – әрбір тұрғынның азаматтық парызы.

ағаш егу

Шынар Молданиязова, 

Сырым ауданы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале