28.02.2024, 17:45
Оқылды: 24

Серік Тоқмамбетов: «Бір күнде 21 ән жарық көрді»

Өткен айда «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің бетіне Оралдағы Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадырдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақтың Қадыры» атты деректі фильмнің тұсаукесері өткендігін жазған едік.

IMG_1999

Бүгін Қадыр керуені өнер сапарымен Сырым еліне ат басын бұрды. Аудандық мәдениет үйінде өткен фильмнің таныстырылы мен «Қадыр – қазына» концерттік бағдарламасына келген жерлестердің қатары қалың болды.

Қадыр орталығы мен «Aqjaiyq» телеарнасы бірлесіп қолға алған бұл мақсаттың орындалуына БҚО әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы зор ықпалын жасады.

Түсірілім тобы 5 адамнан құралған. Топбасшысы, осы идеяны ұсынған Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет жене өнер орталығының директоры Серік Тоқмамбетов.

IMG_2001

«Aqjaiyq» телеарнасы директорының орынбасары Гүлмира Тілеубаева, телеоператор Алмас Әдиетов, «Атамекен» енер орталығының дизайнері Мақсат Тұяқ және Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының мәдени ұйымдастырушысы Айнабек Бисенғалиев.

Фильмді тамашалаған ағайын, Қадыр ақынның сөзіне жазылған әндермен сусындады.

IMG_2004

Кеш соңында аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов Серік Әнуарұлы бастаған ұжымға алғыс білдіріп, алғысхат табыс етті.

- Бүгін тамаша өнер кешіне куә болып, рухани сусындадық. Сырым туған, Қадыр туған қасиетті топыраққа, киелі мекен - Сырым еліне қош келдіңіздер! Отандық мәдениеттің көш басындағы ұжымы ауданға келіп, керерменді баурап, тамаша көңіл күй сыйлағандарыңыз, соның ішінде Сырым ұрпақтарымен қауышып отырғандарыңыз біз үшін үлкен мәртебе. Сырым елі атынан алғыс айтып, шығармашылық табыс, мәдени көш керуенінің сапарлары оң болсын дейміз! - деді аудан басшысы.

IMG_2006

- «Қадыр – қазына» жобасы аясында композиторлар байқауында ақынның сөзіне жазылған 21 ән жарық көрді. Бүгін сіздердің құлақ құрышын қандырған әндер ішінде сол әндер де бар. Алдағы уақытта сол әндер қатарын толықтырсақ деген ойымыз бар. Деректі фильмді соңына дейін тамашалап, оң баға беріп жатқандарыңызға алғыс білдіреміз! - деді құрметке бөленген ұжым басшысы Серік Тоқмамбетов аудан әкіміне алғысхат пен естелік сыйлық табыстап.

IMG_2005

Құттықтаулар легін Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, әнші-композитор, «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры Донеділ Қажымов Гүлжан Тұржігітоваға, Назгүл Берсебаеваға Қадыр Мырза Әлі атындағы төсбелгіні табыстаса, Қ.Мырзалиев мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті ұстаздары Самал Батырованы, Гүлжан Үрпекованы алғысхатпен марапаттады.

Кештің әдемі нүктесі дәстүрге сай «Атамекен» әнімен қойылды.

 

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG_1998 IMG_2003 IMG_2007

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале