27.04.2022, 19:01
Оқылды: 88

Сержан – турнир жеңімпазы

Бүгін Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен ересектер арасында «Қазақстан Барысы» турнирінің аудандық кезеңі оздырылды.

 WhatsApp Image 2022-04-27 at 19.50.54

Аталмыш турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы палуандарға сәттілік тіледі.

Жарыстың бас төрешісі Жасұлан Ниязов палуандарды жарыс ережесімен таныстырды. Палуандар  жеребедегі кезектеріне сай боз кілемде өз өнерлерін көрсетіп, бақтарын сынады.

WhatsApp Image 2022-04-27 at 19.50.54 (1)

Ауданның Қаратөбе, Үшағаш, Егіндікөл, Саралжын, Сулыкөл, Жусандыой, Қоскөл, Аққозы ауылдарынан 11 палуан қатысқан атаулы дода тартысты өтті.

WhatsApp Image 2022-04-27 at 19.50.54 (3)

Алғаш болып боз кілемде күш сынасқан палуандар сулыкөлдік Оралбек Талғатұлы мен аққозылық Нұрболат Жолдығалиевтің белдесуі тартымды өтті. Әдіс-айласын асыра білген сулыкөлдік палуан Оралбек Талғатұлы қарсыласынан басым түсіп, әп дегенде жеңіске қол жеткізді. Жалпы барлық палуандар да додаға үлкен әзірлікпен келген. Боз кілемдегі белдесулер одан әрі жалғасып, жүлделі орындарға үмітті үш палуан І, ІІ, ІІІ орындар үшін өзара қызу тартысқа түсті.

WhatsApp Image 2022-04-27 at 19.50.54 (2)

Жарыс қорытындысында күштілігін таныта білген қаратөбелік Сержан Ерлан І орынды жеңіп алып, «Түйе палуан» атанды. Жеңіс тұғырынан көрінген турнир жеңімпазы Сержан Ерлан бірінші дәрежелі диплом және 50 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Тағы да бір жерлесіміз, Қаратөбе ауылының палуаны Теміржан Көлбаев жүлделі ІІ орынды иеленіп, ІІ дәрежелі диплом және 30 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталса, ІІІ орынға табан тіреген сулыкөлдік палуан Оралбек Талғатұлына ІІІ дәрежелі диплом және 20 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

WhatsApp Image 2022-04-27 at 19.50.54 (4)

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан жүргізді.

WhatsApp Image 2022-04-27 at 19.50.54 (5)

Жарыс жеңіпазы Сержан Ерлан мамыр айында өтетін облыстық турнирге жолдама алды.

                                                        Ерболат Райсов,

Қаратобе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале