25.11.2023, 22:21
Оқылды: 33

“Шабыт әлемі” шарықтауда​

Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен өткен Жаңақала ауданы мәдени-демалыс орталығы жанынан құрылған үйірмелердің “Шабыт әлемі” есеп беру концерті өте жоғары деңгейде өтті. ​ ​ 

image-25-11-23-09-53

Дүлдүлдер мен біртуар тума таланттар жиналған бұл концертте ​әншілер мен бишілер, күйшілер, көркемсөз шеберлері, ​ тіпті әжелер мен келіндер ансамблі де төбе көрсетті. ​ Ауқымды шарамыз үлгілі “Нұрбибі” би ансамбілінің (жетекшісі Л.Қанатова) "Барби" биімен бастау алып, “Болашағы біз елдің” әнімен вокал үйірмесінің мүшелері (жетекшісі М.Иманәлиева) керемет орындалды. ​

Көпшілікке ұнаған бұл концертте үлгілі “Гүлдаурен” би ансамбілі (жетекшісі Э.Валиева) “Часики” биімен таңқалдырды. “До мажор” вокал үйірмесінің мүшелері (жетекшісі А.Қанатова) “Dop” әнін шырқап, ​ халықтық “Айзере” әжелер ансамбілі мен “Ақ босаға” келіндер ансамбілі (жетекшілері Н.Сисенғалиева, А.Қанатова) ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ​ “Босаға майлау” көрінісін ерекше деңгейде жеткізе білді. ​

image-25-11-23-09-53-1

“Бабалар үні” үйірмесінің мүшесі А.Батырбек (жетекшісі Б.Сағынғалиев) Халық әні “Ақеркені” домбырамен күмбірлете жеткізді. Ән де,күй де, би де толастар емес. Келесі кезекті “Нұрбибі” би ансамбілінің “Дала думан” қазақ биін халық қошеметке бөлеп, разы болды. Жаңақала жеріне, еліне өз өлең-жырын арнаған ақындардың өлеңдерін ЖЖОББМ оқушылары (жетекшілері Р.Рамазанова, П.Мирамғалиева) жатқа оқып, көркемсөз тарту етті. ​ “Дарын” вокал үйірмесінің мүшелері (жетекшісі Ж.Мусагалиев) ана туралы әндерден попури орындап, анаға деген ерекше махабат сезімін оятты. Сонымен қатар “Ән думан” вокал үйірмесінің мүшесі Батыр Заңғар (жетекшісі Қ.Айдарбеков) ​ “Бауыр керек” әнін келген қонақтармен бірге шырқап, бір марқайтып тастады.

Үлгілі “Гүлдаурен” би ансамбілі (жетекшісі Э.Валиева) ​ жастар биін билеп, ​ “Ән қанатында” әнімен кеш қорытындыланды.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале