19.08.2022, 17:00
Оқылды: 43

Шағын футболдан турнир өтуде

Бүгін Жаңақала аудандық аурухана ұжымы мен аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен жедел жәрдем жүргізушісі болған Абзал Қажықайыровты еске алуға арналған шағын футболдан аудандық ашық турнирі өтті.

14

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, аудандық аурухананың директоры Ербол Сәрсенғалиев, аудандық спорт кешенінің директоры Жанболат Гумаров, Абзал Ғаділұлының анасы Талиға Шынбайқызы, жұбайы Асемгүл Амангелдіқызы және туыстары қатысты.

Қазақстан Республикасының көк Туы желбіреп, Әнұраны шырқалды.

16

Дүбірге толы додаға спортты жанына серік еткен мықтылардан құралған Жаңақала аудандық әкім аппараты, аудандық ішкі істер бөлімі, 16 ӨСБ және Төтенше жағдайлар бөлімі, Батыс Сервис Плюс, «Jastar» спорт клубы, аудандық ауруханасынан екі командасы және Жаңақала колледжі командалары бақтарын сынады. Аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Нұрғалиқызы, аудандық аурухананың директоры Ербол Сәрсенғалиев және Абзал Ғаділұлының анасы Талиға Шынбайқызы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Жарыстың ашылу салтанаты аяқталған соң, сайысқа қатысушылар футбол жарысын бастап кетті.

Жаңақала ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале