17.05.2021, 9:15
Оқылды: 111

Шағырлойда Шайхиевке ескерткіш тақта орнатылды

Әлем чемпионы, Қазақстанға еңбегі сіңген алғашқы спортшы, КСРО чемпионы, Әлем кубогының иегері, көптеген халықаралық турнирлерде топ жарған палуан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асқар Шайхиевке арналып, Шағырлой ауылындағы Абай орта мектеп-балабақша кешеніне ескерткіш тақта орнатылды.

94C42426-6272-4CE2-A170-67725605CA49

   Шараға аудан әкімі Төлеген Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллин, Сарой ауылдық округінің әкімі Айбол Жакиев, палуанның отбасы, бауырлары, сыныптастары қатысты.

Ескерткіш тақтаның ашылуында  ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев құттықтап сөз сөйледі. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллин Асқар Шайхиев білім алған мектепке волейбол және баскетбол доптарын табыс етті. Сыныптас досы, тақтаны ашуды ұйымдастыруда басы-қасында жүрген азамат Өтепберген Махамбетов  сөз сөйлеп, Абай орта мектебінің директоры Гүлмира Еркетілеуоваға және мектеп музейінің меңгерушісі Күлаш Сапиқызына алғысхат табыстады.

339A4E7C-B4D8-432E-BD0E-5A0D09D930E3    

  Асқар Шайхиевтің әпкесі Қарлығаш Кенесарина шараны ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді. Абай орта мектебінің оқушысы Альмира Мақсот Бауыржан Ширмединұлының "Өрімдей кеткен өр жасын" өлеңін оқыды.

   Ескерткіш тақтаны ашу рәсімі палуанның әпкесі Қарлығаш Кенесарина, ұлы Талғат Шайхиев, сыныптасы Өтепберген Махамбетовке ұсынылды. Мектеп директоры Гүлмира Еркетілеуова кітапханадағы Асқар Шайхиевке арналған бұрышпен таныстырды.

CC730B59-11C7-480F-A3D0-F2E0345712BC

   Абайлық арыс Асқарды еске алуға арналған шағын футболдан аудан біріншілігі ұйымдастырылды. Тақтаның ашылуында болған қонақтар жарыстың ашылуына да қатысты. Теңбіл доп тартысында Алғабас, Жосалы, Жетікөл, Жымпиты, Көздіғара, Сарой командалары бақ сынап, қызықты ойын көрсетті. Асқар Шайхиевті еске алуға арналған шағын футболдан аудан біріншілігі жеңімпазы деп Жымпиты командасы танылды. Сарой, Көздіғара аяқдопшылары екінші, үшінші орындарды бөлісті.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале