27.08.2022, 11:15
Оқылды: 52

Шарапаты мол шара

«AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында қазіргі уақытта ел аумағында «Баланы мектепке даярлайық» акциясы өтіп жатыр. Басты мақсат – көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға жаңа оқу жылына оқушыларға дайындыққа көмектесу. 

IMG_9347

«Не берсең де балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрі маңызы мен мәнін ешқашан жоғалтқан емес. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы Ақжайық аудандық филиалы демеушілер көмегімен яғни, аудандық мәслихат хатшысы С.Сиражев және аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясына мүше мәслихат депутаттары, «Конакт Оил» ЖШС директоры Н.Сахипов, «ЖаңаОрда құрылыс» ЖШС директоры А.Насиола, «Нығмет» шаруа қожалығының жетекшісі З.Утегалиев, «Аманер» шаруа қожалығының жетекшісі Қ.Досқалиев демеушілік көрсетті. Сондай ақ, «Ақжол», «Алмалы», «Әуезов», «Қабыршақты», «Құрайлысай», «Мерген», «Сарытоғай» бастауыш партия ұйымдары нысаналы трансферт есебінен көмегімен  ауданымыздың 68 баласына жалпы сомасы 544 мың теңге болатын мектеп сөмкесін оқу құралдарымен бірге алып берді.

IMG_9356

Соңғы қаражатын жұмсаса да, әр ата-ана баласының көңілін табуға тырысады. Алаңсыз ойын баласы мектепке барар сәтте ешкімнен кем болмай, білім нәріне қаныққаны қоғам үшін де пайдалы. Аталмыш акция көптеген отбасыға зор көмегін тигізгені анық. Оқу жылына сақадай сай болған мектеп оқушыларына сәттілік.

Айжан Ақыл,
Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале