27.08.2021, 17:46
Оқылды: 278

«Шіркін, Life!» жобасы – Жаңажолда

Жаңақала ауданына қарасты Жаңажол ауылдық округінің жастармен жұмыс жөніндегі кеңесші маманы Мейрамгүл Махамбетқызының ұйымдастыруымен, «Абдулла» шаруа қожалығының жетекшісі Қобылан Ғиниятоллаұлының қолдауымен «Арай» қыстағында ауыл жастарының арасында «Шіркін, Life!» интеллектуальды жобасы өткізілді.

«Шіркін, Life!» жобасы - Жаңажолда (2)

Жоба мақсаты – жастарды ауыл тіршігімен таныстыру, қабілеттерін арттыру. Жобаға барлығы 8 адам қатысып, ережеге сәйкес 2 топқа бөлініп сынға түсті. «Макс» және  «Қыран» атты топтар жарыс көргін қыздыра білді. Қыздарға  таңмен сиыр сауу, сүт мәшинесін тарту, ішек қарын тазалау, ошақтар сылау, тезек үю, нан ашыту сынды тапсырмалар берілді. Ал ұлдар тезек үю, қой қырқу, бас үйіту, құдықтан шелекпен су тарту, арқан тартыс, қой сою тапсырмаларын орындады.

«Шіркін, Life!» жобасы - Жаңажолда (1)

Нәтижесінде «Қыран тобы жеңіске жетіп, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тартымды шараны жасауға қолғабыс білдірген Қобылан Орынбаевтің отбасына аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық ортылығының алғыс хаты ұсынылды. Жоба соңы Қасым Арыстанғалиевтің орындауында құлақ құрышын қандырар термемен қорытындыланды.

 

Ж.Жұмағұл,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале