26.01.2021, 9:26
Оқылды: 58

Шөп тасымалы ұйымдастырылуда

"Шөп тасымалы ұйымдастырылуда" деп хабарлады бізге Казталов аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары.

60C5A91C-50A0-4AAC-88AA-6618901092A0

Былтыр қуаңшылық салдарынан және жылқы малына тебін болмауына байланысты кейбір қыстақтар мен ауыл тұрғындарына қосымша мал азығын сатып алу қажеттілігі туындап отырғаны жасырын емес. Осы мәселені шешу мақсатында сала мамандарының ұйымдастыруымен аудандағы ауыл шаруашылық құрылымдарының жетекшілері көрші аудандардан мал азығын әкеліп, ауыл тұрғындарына сатуда.

Мамандар берген ақпарға сүйенсек, Қараоба ауылдық округінің "Кенжеғали" шаруашылығы 200 бума шөпті аудан орталығына сатқан. Ал Қарасу ауылдық округінде "Ауыл агро" шаруа қожалығы "Райымбек" шаруашылығымен бірлесе Сырым ауданынан мал азығын тасымалдап, Сатыбалды ауылының жеке тұрғындарын қамтамасыз етіп отыр. Күні бүгінде 100 бума шөп тасылған. Жалпақтал ауылына "Бабасов" шаруа қожалығы мал азығын тасуды өз мойнына алған. Қожалық аталмыш ауыл тұрғындарына 200 бума шөп жеткізбек.

Сонымен бірге ауданға Жәнібектен пресстелген шөп тасылуда. Қосымша тағы да 2-3 шаруа қожалықтары мал азығын тасуды жоспарлап отыр. Шөп бағасына келсек, бір бумасы - 10 000 - 12 000 теңге аралығында.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале