2.10.2023, 16:45
Оқылды: 51

«Шұғыл әрекет ету жасағы тапсырмаларды орындауға дайын»

Бәйтерек ауданы орталығында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтық қорғауды құлақтандыру жүйесі тексерілді.

IMG-20231002-WA0017

Орталық алаңда кешенді оқу-жаттығу шеңберінде өткен іс-шараға БҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының өкілі А.Қалиев пен төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Р.Қайырғалиев, азаматтық қорғау қызметінің 13 жеке құрамы, 34 бірлік техника мен 111 маман жұмылдырылды.

IMG-20231002-WA0018

Мамандар атап өткендей, төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету – тұрғындарды табиғи құбылыстардың әр түрлі факторларының әсерінен болатын апаттың салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы.

- Ауданда адам өмірі үшін маңызды нысан көп. Біз төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге икемді және жақсы жұмыс істейтін жасақ пен техникалардың бар екеніне көз жеткізуіміз керек. Сол үшін де Зеленый, Щапов, Переметный ауылдарында оқу-жаттығу жүргізіліп жатыр. Осы шара барысында шұғыл әрекет ету жасағы тапсырмаларды орындауға дайын екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қай уақытта болмасын жасақ техникалық және қызметтік тұрғыда кез келген жағдайға дайын болуы керек, - деді аудан әкімінің орынбасары Мұрат Залмұқанов.

 

Нұрсәуле Жәнібекқызы

Бәйтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале