11.04.2024, 20:45
Оқылды: 27

Шыңғырлау ауданы: Ақбұлақ ауылында тұрғындармен кездесу өтті

Бүгін Шыңғырлау ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Светлана Байтенова мал бағымын ұйымдастыру, тазалық, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары, "Қаладан ауылға", "Ауыл аманаты" жобаларының округтегі орындалуы туралы тұрғындармен кездесу өткізді.

IMG-20240411-WA0074

Жиында мал бағасын белгілеу, ауыл тазалығы т.б. мәселелер көтерілді. Ірі қара малын далада бағуға бақташы белгіленіп, мал бағасы келісілді, ұсақ малдардыңда бақташылары белгіленіп, бағасы дауысқа салынды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев, аудандық ветеринарлық инспекцияның басшысы Р.Сабиров, аудандық ветеринарлық станциясының директоры Д.Сағынбай, "Тасмола" шекара бөлімшесінің басшысы С.Қоңырбай қатысты. Ақбұлақ ауылдық округінің учаскелік инспекторы Ш.Зұлқашев бағусыз малдар мен тазалық,интернет алаяқтық туралы ақпараттармен таныстырды.

Сонымен қатар жиында аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаев мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын айта келіп, "ынтымағы жарасқан елге бақ тұрар" дегендей ауызбіршілікпен жасалар әр жұмыстың берекесі болатыны туралы ауыл тұрғындарына түсіндіріп өтті. Жиынды округ әкімі Светлана Ешматқызы қортындылап,тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап берді.

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале