3.08.2022, 17:29
Оқылды: 79

Шыңғырлау ауданында есептік кездесулер жалғасуда

Бүгін Шыңғырлау ауданында желілік кестеге сәйкес Ақтау және Ардақ ауылдық округтерінде есептік кездесулер жалғасын тауып, оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Дархан Абдрашитов қатысты. Аталған округ әкімдері үстіміздегі жылдың 3 тоқсан еншісінде қалған жұмыстар бойынша қорытынды жасап, алға қойған міндеттерімен бөлісті.

11

Атап айтқанда, Ақтау ауылдық округінің әкімі Мұрат Тасболатов ауылдық бюджет, соның ішінде салықтан түскен кірістер қаражаты қайда жұмсалатыны, мал азығы бойынша жоспар 13 795 тонна шөп жинау болса, оның бүгінде 7493 тонна шөбі шабылғандығын айтып өтті. Ардақ ауылдық округінің әкімі Саида Бркенова да өткен тоқсанда атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

Қос жиын барысында әкімінің міндетін атқарушы Дархан Абдрашитов жалпы аудан көлемінде атқарылған жылдық жұмыстар бойынша толық мағлұмат берді.

22

Тұрғындардың ауылдық медициналық пункттің көлігін шығару қажеттігі, ауылға жас мамандарды тарту, қоқыс шығаратын орынды ауылдан алыстату секілді сұрақтарына тиісті сала басшылары жауап берді.

Әр ауылдық округте өткен есептік жиыннан соң тұрғындар жеке мәселелерімен аудан әкімінің міндетін атқарушы Дархан Ережепұлының қабылдауында болып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале