1.03.2023, 15:45
Оқылды: 80

Шыңғырлауда Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Шын жүректен алғыс айтамын» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

3CE492B9-596F-4098-8695-7EE90509F60C

Алғыс айту күні – Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу, репрессия мен күштеп қоныс аудару жылдарындағы қазақ халқының кең пейілінің, достық пен берекенің символы. Осы орайда аудан көркемөнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы аясында ән-жыр арқылы алғыс айтылып, игі тілектері жеткізілді.

Мерекелік шарада ең алдымен аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова жиналғандарды бүгінгі мерекемен құттықтап, Алғыс айту күнінің тарихына тоқталып өтті.

12C0FB09-67F1-4A4D-82B8-4B73524DD034

«Кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген өзге этнос өкілдеріне кең құшағын жайып, бауырына тартты, бір үзім нанымен бөлісті. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халықтың көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер», - дей келе, аудан басшысы бірқатар жерлестерімізге алғысхаттар табыс етті.

D7177B9E-C075-458F-B4AF-EBB20674BE9B

Марапатталғандар арасында 30 жылдан астам нан зауытында қызмет атқарған В.Цибульская, өз өміріне қауіп төнсе де суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған Денистей ұл өсірген Липиндер отбасы, дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионатында чемпион атанған Сайын Алдияр мен бокстан түрлі республикалық турнирлердің жеңімпазы Илья Киселевтің аналары, ауданда алғаш рет патронаттық тәрбиеге балаларды алуды ұйымдастырған А.Исмағулова, 1979 жылдан бері бүгінгі таңға дейін мәдениет саласында тынымсыз еңбек етіп келе жатырған С.Хабибуллин, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ұжымы және «БҚО электр жүйелерінің таратушы компанияс» АҚ Шыңғырлау ауданы бойынша филиалының қызметкерлері Р.Абдрахманов, Қ.Абуев, А.Базарбаев болды.

Аман Ізмұхан

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале