31.12.2020, 18:39
Оқылды: 148

Шыңғырлауда ардагерлерді мерекемен құттықтады

Бүгін Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, еңбек ардагерлері, қоғамдық медиаторлар, мекеме басшыларымен кездесті.

IMG_9868

Мерекелік дастарқан басында аудан басшысы Әлия Биғазықызы ардагерлерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен ерен еңбектері кейінгі буынға әрқашан үлгі болып қалатындығын жеткізді.

Еліміздің игілігі үшін көптеген жылдар бойы атқарған жұмыстарына алғыс айта келіп,  ардагерлерге облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің құттықтау хатын, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Н.Даумовтың және аудан әкімі атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті.

Ардагерлер тағылымға толы естеліктерімен бөлісіп, көрсетілген құрметке алғыстарын білдіріп, ризашылық танытты.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале