16.03.2021, 15:51
Оқылды: 119

Шыңғырлауда асық атудан тартысты ойын өтті

Шыңғырлау ауданына қарасты Ақбұлақ ауылдық округінде Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай асық атудан жарыс өтті. Жарысты спорт клубы мен БЖСМ-нің жаттықтырушысы Т.Маликов бірлесе ұйымдастырды.

index (8)

Жарыс нәтижесінде «Жеңіс» командасы (Қыздарбай Нұрислам, Махметов Ерназар, Мендалиев Меирман) І орынды иеленсе, «Шекара» командасы (Ыдырыс Бекмұрат, Хасенов Ерлан, Маликов Тарғын) ІІ орынды қанжығаларына байлады. Ал БЖСМ командасы (Айдынгалиев Абай, Қайыржанов Дәурен, Жеңісов Аслан) ІІІ орынды еншіледі. Жеңімпаздар БЖСМ атынан диплом, медальдармен марапатталды.

index1 (1)

 

Мейірман Мендалиев,

Ақбұлақ ауылдық округінің спорт әдіскері

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале