2.07.2022, 18:05
Оқылды: 59

Шыңғырлауда «Бірге - Таза Қазақстан» акциясы өтті

Бүгін Шыңғырлау ауданының мекеме ұжымдары «Бірге - Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында аудан орталығындағы көшелердің, өзен-көлдердің жағалауларын, жеке кәсіпкерлер өз нысандарының айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазартуға атсалысты.

291371142_1440833756328388_8699345208687278162_n

Бұл сенбілікке "Жасыл ел" еңбек жасағы да өз үлестерін қосты. Бірнеше топқа бөлінген жасыл елдіктер бірі гүлзарларды суарып, бірі көше бойындағы тал теректерді сәндеп кессе, бірқатары көше бойлап шашылған қағаз, пластмасса қалдықтарын жинап шықты.

«Таза ауа-жанға дауа» демекші ауыл тазалығы баршамызға ортақ, сондықтан әр тұрғын өз ауласының айналасын, демалыс орындарында тазалық сақтап, қоқыс қалдықтарын арнайы жәшіктерге салып жүргені абзал.

Сондай-ақ, жеке нысандардың айналасын көгалдандырып, абаттандыру жұмыстарына көбірек көңіл бөлінсе, ауыл ажарын аша түсер еді.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале