19.05.2021, 18:31
Оқылды: 63

Шыңғырлауда гүлзарлар саны көбеюде

Шыңғырлау ауданының орталығында көшелерді жасыл желектермен жерсіндіріп, көгалдандыру жұмыстары одан әрмен жалғасуда. Ендігі қолға алынып отырған жұмыс – көшелер бойына әдемі гүлдерді арнайы орындарға отырғызып, көргеннің қызығушылығын тудыратын әдемі гүлзарларды көбейту.

гүл 1

Осы мақсатпен Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Әділ Қаражановтың қолдауымен Орал қаласынан 600 дана шырайгүл тұқымдары және жеке кәсіпкер Ақдәрі Ботановадан 150 дана раушан гүл тұқымдары алынған болатын.

Бүгінгі таңда ауылдық округі әкімінің мамандары мен қоғамдық қызмет жұмысшылары аталмыш гүл түрлерін Л.Қылышев, А.Құнанбаев көшелерінің бойындағы гүлзарларға, «Астана» саябағына және темір жол вокзалы маңындағы алаңға отырғызды.

гүл 22

Соңғы жылдары аудан көшелерінің бойында гүл алаңдарын көбейту, тұрғындардың да өз ауласының төңірегінде әдемі гүлдер түрлерін отырғызу кең қолдау тауып келеді. Ауыл көркіне үлес қосып, осы бастаманы жалғастырып келе жатқан тұрғындардың да көбеюі қуантады.

 

Гүлім Шынтас,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале