26.04.2022, 17:30
Оқылды: 60

Шыңғырлауда көшелерді жөндеу басталды

Наурыз айында Шыңғырлау ауданы орталығындағы 19 көшенің жөнделетіні туралы жағымды хабарды жеткізген болатынбыз. Қажетті сметалық құжаттар облыс орталығындағы тиісті мекемеге тапсырылып, мақұлданды.

A986E1AB-C95A-4B75-A83F-3B1AED6CF5AB

Енді, міне, редакциямызға хабарласқан аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ерсайын Шаймбетов былай дейді:

«Аудан халқының бірнеше жылдар бойы айтып жүрген өтініш-тілектері оңынан қанағаттандырылды. Екі жылға жобаланған жұмыстың алғашқы кезеңі А.Құнанбаев атындағы көшені жөндеуден басталып кетті. Мердігер оралдық «Ануш Құрылыс» ЖШС аудандағы жолдарды жөндеу жұмыстарына жауапты болып танылды. Әзірге екі техника жол жөндеуге тартылған, қосымша өзге техникалар да жуық арада жұмысқа қосылмақ. Сонымен қатар өз ауылын көркейтуге 20-дан аса жергілікті тұрғындар да атсалыспақ. Сәтін салса, белгіленген мерзімге дейін жоспарда тұрған бірталай көшелерге қатқыл жолдар жабылмақ».

6C591913-B5A2-4953-BCF3-2F595A2D971A

Иә, жол мәселесі әрдайым күн тәртібінен түспеген шыңғырлаулықтар үшін бұл сүйінші хабар. Тек жасалған жұмыс сапалы болып, халыққа ұзақ жылдар қызмет етуге жазсын деп тілейік.                                                                      

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале