28.04.2021, 10:23
Оқылды: 73

Шыңғырлауда сенбілік өтті

Жуырда Шыңғырлау ауданында мекемелердің жұмылдырылуымен көктемгі сенбілік өтті.

 с1

Аудан әкімімен 2021 жылғы 15 сәуір-15 маусым аралығындағы Шыңғырлау ауданы бойынша тазалық айының іс-шаралар жоспары бекітілді. Осыған сәйкес, барлық мекемелер мен бөлімдер өздеріне бекітілген көшелерді тұрмыстық қалдықтарынан тазартты. Сенбілік нәтижесінде 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Қоқыс жәшіктерінің айналасынан, көше бойынан тұрмыстық қалдықтар жиналған тазалық шарасына барлық мекеме ұжымдары белсене атсалысты.

с3

Ауданымыздың көркеюіне өз үлесін қосқан қызметкерлер болашақта да осындай сенбіліктерге шығатындықтарын жеткізді. Аталмыш шараның аудан тазалығын сақтауда ғана емес, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуда да алар үлесі зор.

                                                                                                А.Лепес,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале