13.06.2024, 16:00
Оқылды: 88

Шыңғырлауда түлектерге «Алтын белгі» табысталды

Шыңғырлау ауданы бойынша 2023-2024 оқу жылында 108 оқушы мектеп бітірді. Соның ішінде жақсы оқып, үздіктер қатарынан табылған алты түлек «Алтын белгілерін» толық ақтады.

448315278_1885390485206044_4048396017173023589_n

Осы орайда Шыңғырлау ауданы әкімі
Мұрат Өмірәлиев осы озат оқушылармен, олардың ата-аналарымен, ұстаздарымен кездесті.

– Жылдар бойы алған білімнің зая кетпей, еңбектің ақталғаны – кім-кімге болса да зор қуаныш. Ата-ананың, ұстаздың үкілеген үміттерін ақтаған мектеп түлектерімен біз әркез мақтанамыз. Осындай жетістікке жетудің басты себепкерлері ата-аналар, сіздерге, аудандық білім бөліміне алғысымды жеткізе отырып, шын жүректен құттықтаймын! Балаларыңыз артқан сенімдеріңізді ақтап, елінің үлкен азамат-азаматшалары болсын деп тілек білдіремін. Құрметті түлектер, болашаққа құрған жоспарларыңыз, алға қойған мақсаттарыңыз орындалып, жұлдыздарыңыз жарқырап, тек биіктерден көріне беріңіздер! - дей келе, аудан әкімі мектеп бітіруші түлектерге «Алтын белгілерін» табыстады.

448314092_1885390321872727_8107666768960717926_n

Атап айтсақ, Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Айдана Искак, Айымгүл Тасқалиева, Ақеркем Ибраева, А.Тихоненко атындағы жалпы орта білім беретін мектебінен Ақбөпе Ермұханова, Назым Діңғали, Батырбек Сәлімжан. Және олардың ата-аналарына да аудан басшысы өз атынан алғысхаттары мен гүл шоқтарын ұсынды.

Гүлжазира Асу
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале