27.08.2022, 11:45
Оқылды: 131

Шыңғырлауда  үшкүндік облыстық фестиваль басталды

Шыңғырлау ауданында бүгін «Ұлы дала құндылықтары» атты облыстық фестиваль басталды. Фестиваль аясында Батыс аймақтық  көкпардан ашық турнир жарияланып, облыстың әр ауданнан келген командалар таныстырылды. Қызықты, тартысты шараны ауданның тұрғындары мен қонақтары тамашалауда.

IMG-20220827-WA0001 (1)

Үш күнге арналып жоспарланған фестивальде алдын ала ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, қазанда ет асылып, келушілер сары бауырсақпен көже, қымыздан дәм татты.

Фествальдің  салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтау сөз сөйлеп, баршаға сәттілік, көтеріңкі көңіл күй тіледі.  Құттықтау сөзін Орал қалалық спорт  бөлімінің басшысы  Артур Шерғалиев те арнады. Ал ауданымыздың бас имамы  Асан Халниязов ұлттық ойнымызға қатысушы шабандоздарға  сәттілік тілеп,  бата берді.

Фестивальге келушілер ұлттық дәстүрлі ойындардан жарыстарға қатысуда. Соның  ішінде арқан тартыс, бағанаға өрмелеу, тағы басқада  ойын түрлерінде жұртшылық белсенділік көрсетіп, шара өз дәрежесінде өтуде. Домбырашылар оркестрі даланы күмбірлеген күйге толтырып, әсем ән мен би шараның одан сайын көркін келтірді.

 Айсұлу Муса,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале