22.05.2025, 15:30
Оқылды: 268

Шыңғырлаудағы футбол шарасы

“Шыңғырлау” спорт клубының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді ұстанымды қалыптастыру мақсатында ерлер арасында футболдан ашық аудандық жарысы ұйымдастырылды. 6 команда қатысқан футбол шарасында “Шыңғырлау” спорт клубы директоры Жұбаныш Төлегенұлы сөз алып, спортшыларға сәтті ойын өрнегін тіледі.

499715672_2098318927335629_4398299272744896343_n

Әзірліктері жақсы, жеңіс деп алға ұмтылған командалар ширақ ойын көрсете алды.

Жарыс нәтижесінде “Үздік қақпашы” Нұрберген Жақсылықов, “Үздік ойыншы” Ерлан  Сағындықов, “ Үздік шабуылшы” Айбек Абдулов, “Үздік қорғаушы” Сұлтан Асаубаевшарада тиісінше марапаттарға ие болды. Ал командалар арасынан кезегімен «Намыс» І, спорт клуб ІІ, ал Қызылкөл командасы ІІІ орындардан көрінді.

499659815_2098311700669685_6908006744040932009_n

Ауданымызда спорт шаралары жиі ұйымдастырылып, бұқараны салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған шаралардың жиі өткізіліп жүргенін айта кеткен де ләзім.

 

                                                                                                                              Гүлназ Мұқан,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале