1.03.2021, 17:56
Оқылды: 78

Шыңғырлаулық депутаттар қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

 Халқымыз бағзы заманнан қайырымдылығымен, мейірімділігімен ерекшеленген. Осындай ерекше ықыластың, мейірім мен махаббаттың дәлелі іспеттес талай жылдар бойы еліміздің, ауданымыздың халқы түрлі челленджер мен арнайы қайырымдылық қорларын ұйымдастырып жүр. Талай сәбидің езуіне күлкі үйіртіп, талай қарттың батасын алған, талай отбасыға көмек қолын созып, қиын-қыстау шақта қолдау білдірген азаматтар мен азаматшалар шынайы алғысқа, барша марапатқа лайық-ақ. Бүгінгі мейрамға орай жүрегі мейірімге толы, қайырымды істер жасаудан жалықпайтын әр адамға алғыс білдіреміз.

98966154-30C2-4C2B-8BAE-7CF6871F1455

Шыңғырлау аудандық мәслихатының депутаттары  1 наурыз – Алғыс айту және партия күніне орай «Қайырымдылық сөресі» акциясын өткізуге атсалысты. «Бәйтерек» және «Аружан» дүкендерінде ұйымдастырылған сөрелер көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, барша мұқтаж жандарға арналған. Сөреде күнделікті өмірге қажетті азық-түлік қойылған.

«Басты мақсат – көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға, мұқтаж жандарға көмек көрсету. Аз да болса өз септігімізді тигізіп, қуаныш сыйласақ дейміз. Атаулы шараға қатысып, өз көмегімді тигіземін деушілер болса, есік айқара ашық» дейді ұйымдастырушылар.  

  Қайырымдылық жасап, үнемі қолдан келгенше көмек қолын созатын жандар аз емес. Солардың бірі – ауданымыздың шаштараздары. Атап айтатын болсақ, Айгүл ханым, Майра ханым, Ұлжан ханым. Бұл кісілер үнемі мұқтаж жандардың шашын тегін алып, көмектесіп жүреді. Бүгін де Алғыс күніне орай тегін шаш қиып, халық алғысына бөленді.

 Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы  

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале