7.11.2018, 17:29
Оқылды: 59

Шыңғырлаулық қария Абай туралы кинолентаны музейге тапсырды

Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану музейі күн санап көрме қорын көбейтуде.

WhatsApp Image 2018-09-21 at 10.21.20

         «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұл жұмысқа аудан тұрғындары белсенді атсалысуда. Солардың бірі 80 жастан асқан қария Кеңес Ізбасарұлы Таңатов. Ол музей қорына үйінде сақталған көнекөз заттарды тапсырды.

         Музей үшін көне бұйымдардың қай-қайсы да қымбат. Кеңес Ізбасарұлы студент шағында сатып алған сырнай аспабын әкелді. Бұл жәдігер шамамен 1956-57 жылдарда шығарылған бұйым. Қария әкелген ер-тоқым да тәп-тәуір сақталған.

         Бұдан басқа анасы Толқыннан қалған естелік кітап үстелін, темірден жасалған дән ұнтағыш келі, жермаймен жанатын шам, құман және ел «примус» атап кеткен керосинка ас пісіру құралын да музей қорына берді. Қария қоржынындағы көне жәдігерлер 1971 жылы шыққан «Эра» шаңсорғышы мен Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жазылған ақ-қара түсті кинолента. Бүгінде қолданыстан қалған дүниелерді қария ұқыптап жинаған. Барлығы 11 бұйым тапсырды.

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

WhatsApp Image 2018-09-21 at 10.21.19

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале