5.06.2023, 15:15
Оқылды: 114

Шынтемір Тілешжан – Шалқар ауылдық округінің әкімі

Бүгін Теректі ауданы әкімі Әлия Муханбетжанова жұмыс сапарымен Шалқар ауылдық округі орталығы Сарыөмір ауылында болды.

FB_IMG_1685956500493

Аудан басшысы ауыл халқына жаңа әкім Шынтемір Тілешжанды таныстырды.

Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Арсен Бақытжанұлы сайлау қорытындысын тілге тиек етіп, жаңа әкімге куәлігін салтанатты түрде табыстады.

FB_IMG_1685956508884

Шынтемір Халиматұлы Тілешжан ауыл халқына жақсы таныс. Ол осы Сарыөмір ауылында дүниеге келген. Яғни, ауыл тұрғындарын және ауылдағы бар өзекті мәселені жатқа біледі деген сөз.

Жаңа әкім жоғары білімді. Мамандығы - алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. 2014 жылдан күні бүгінге дейін мамандығы бойынша Сарыөмірдегі Хамза Есенжанов атындағы мектепте қызмет атқарған.

Жиын барысында ауыл ақсақалдары әкімге сәттілік тілеп, қолдайтындықтарын жеткізді.

Әділет Орынбасар,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале